2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернатында республикалық, облыстық, аудандық шығармашылық байқаулар, олимпиада, спорттық, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау мақсатында "ЖАС ДАРЫН-2024" тақырыбында мектепішілік форум өтті.
Форумға ұстаздар, мектеп оқушылар шақырылды. Жалпы мектеп бойынша 35 оқушы марапатталды. Дарынды, өнерлі оқушыларды марапаттау үшін мектеп басшысы- Жәнібек Айбулатұлы, оқу орынбасары Руслан Амангелдіұлы, тәрбие орынбасары Нургул Сатыбалдиевна, ата-аналар комитетінің мүшесі Тілекші Темирова қатысты.
Форумның өтуіне демеушілік танытқан ата-аналар комитетінің төрағасы Ғайса Сейтқалиев, әкелер кеңесі Қобылан Қабиев, ата-аналар комитетінің мүшесі Ақылбек Кербалахов.