«Дарындыға – даңғыл жол»

(0 Votes)

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дарындыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Артспорт» үйірмесі жұмыс жасап келеді. «Даму бала» бағдарламасы да балғындардың спортпен, шығармашылықпен тегін айналысуларына мүмкіндік береді.

Құрманғазы ауданының Көптоғай, Шортанбай, Жыланды, Бөкейхан, Құрманғазы, Сафон ауылдық округтерінде «Дарынды балалар», «Армантау» өнер орталықтары жұмыс жасап келеді. Осыған орай, олардың қатысуымен «Дарындыға – даңғыл жол» атты көктемгі есеп беру фестивалі ұйымдастырылды. Онда «Туған жер», «Күлгін көйлек», «Домбыра» әндерімен Амина Серікбай, Эльнара Қожантаева, Ақмаржан Рүстем, «Аққу», «Батырлар», «Араб» билерімен Мәриям Ишанғалиева, «Еркем-ай», «Жетіген», «Асылай» бишілер тобы өнер көрсетсе, «Мен жастарға сенемін!», «Отан», «Ұйқы», «Жетім қыздың монологы», «Үш бақытым», «Поэзия менімен егіз бе едің?», «Пай-пай өмір!», «Өмір», «Ананың сүюі» өлеңдерін Айару Асылбекова, Алина Еділбаева, Абдош Нұрхан, Нұрсая Бекболат, Кәусар Қуанышбекқызы, Айбибі Әділбиқызы, Диас Азаматұлы, Самира Ғұбайдуллина, Нұрхан Мирман, Мухаммад Есболатұлы оқыды. «Қызғалдақ», «Жұлдызай», «Айқұндыз» би тобы, «Шабыт» домбырашылар ансамблі, Шортанбай, Бөкейхан ауылдық «Дарынды балалар», «Армантау» өнер орталығының өнерпаздары, «Еркесылқым» күйімен Ерболат Жаңбырбайұлы, Аяулым Сейтқазықызы өнер көрсетті.

Шара барысында «Дарынды балалар» өнер орталығының директоры Малика Хосжанова, «Армантау» өнер орталығының Құрманғазы ауданындағы көркемдік жетекшісі Самал Утепова құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың жетістіктерін баяндап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген балғын өнерпаздарды марапаттады. Фестиваль соңы Інжу мен Нұрсая Бекболаттың орындауындағы «Қазақастан балалары» әнімен тәмамдалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT