ДАРЫНДЫ ТҰЛҒАҒА ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

(0 Votes)

Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығарып, тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың алғышарты – білімнің беделін жоғарыға көтеру.

Осы мақсатта талаптың тұлпарына мініп, білім көкжиегінің биік шыңына жетуді мақсат еткен бүгінгі ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз берекелі істің оң нәтижесін көрсетіп отырғаны – біз үшін зор жетістік. «Талант дегеніміз – қабілеттіліктің, ал данышпандық – дарындылықтың жоғары деңгейі» деп бағалар болсақ, сол межеде облыстық, республикалық пәндік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жүлдегерлерін қалай ұлығыласақ та оларға бек жарасымды. Балалар жылына орай Абай мектебінде 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен дарынды, қабілетті балаларға арналған "Дарынды тұлғаға даңғыл жол" тақырыбындағы оқушылар слеті өтті.

"Ақылмен қанат қаққандар" номинациясын марапаттау және құттықтау сөз Абай мектебінің директоры Жамал Әдебиетқызына, "Өнер жұлдыздары" номинациясы бойынша марапаттау үшін сөз мектеп директорының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анар Серікқабылқызына жолданды.

Қазақстанның болашағы - білімді жастардың қолында. Ендеше, жастарымыз қырандай алғыр, барыстай қайратты, білімді болсын деп тілейміз, білім бұлағының қайнар көзі сарқылмасын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT