Дарынды тұлғаға - даңғыл жол

(0 Votes)

2023 жылдың 23 мамыр күні Абай мектебінде талантты, дарынды, үздік оқушыларды таныту, ұлғылау мақсатында үздіктер шеруі өткізілді. 

Абай мектебінде дәстүрге айналған жиынға 2022-2023 оқу жылында түрлі деңгейдегі байқау, конкурс, олимпиада, жобалардың облыстық, республикалық жеңімпаздары атанған оқушылар іріктеліп алынды. Аталмыш шараға мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы бастаған мектеп әкімшілігі мен ұжымы қатысты.

Шара барысында оқушылардың өнері тамашаланып, “Бойтұмар” театр клубының “Аққулар ұйықтағанда” поэмасынан сахналық көрініс қойылды. ​Қазақ халқының ағартушысы Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек, бай болуға – кәсіп керек, күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек».- деген. Бұл үлкен міндетті орындауда ұстаздардың ролі жоғары. ​

Оқушыларымыздың жетістігі – сүйікті ұстаздар мен үміт күткен ата-аналардың жемісі. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, оза шабатын дарынды балаларымыз көп болсын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521