Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан

(0 Votes)

Талапты шәкірттерге тұлпар ерттеп жүретін ұстаздар, Абай атындағы жалпы орта мектептің білімді оқушыларына арнап С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Дарындыға – даңғыл жол» тақырыбында оқушылар слетін өткізді.

Оған ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы бастаған педагогикалық ұжым қатысты. Алдымен жас мамандардың поэтикалық-композициялық қойылымы тамашаланды.

Төрт бөлімге жоспарланған слетта «Бойтұмар» театр клубының мүшесі Рафаэль Смағұл жас дарындарға үндеу жолдап, «Олимпиада тұлпарын» эстафета ретінде Айсана Жалелова Хадиша Берікқызына салтанатты түрде табыстады. Облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде пәндік, ғылыми жоба, шығармашылық байқаулар, өнер додалары мен спорттық жарыстарда топ жарған оқушылар дипломдар және естелік сыйлықтармен ұлығыланды. 

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT