Дарынды оқушылар республикалық фестивальде топ жарды

(0 Votes)

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Театрдың ғажайып әлемі» атты республикалық фестиваль өтті.

Аудандық оқушылар үйі жанынан құрылған «Драма» үйірмесінің, Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі «Нұршуақ» жасөспірімдер театрының оқушылары аталмыш додада топ жарып, жүлделі бірінші орын алып, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Театр жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мария Қиюазова Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы желісімен «Найман ана» қойылымының сценарийін дайындаған еді. Қойылым мазмұны 4 көріністен тұрды. Көрерменге мәңгілік ана махаббаты, өмірдегі жақсылық пен жамандық алшақтығы терең мазмұнмен ұсынылды. Байқау жүлдегерлері атанып, дарынымен озық шыққан А. Қисетов, Г.Қапанова, Ш. Ғалымғали, Б. Өтемісұлы, А. Алимжанова, Д. Какимжанова, М. Файзуллаев, Д. Нұржанов, Н. Гарипов – мектеп мақтаныштары!

sajt3

Айжан Бисенова Б.Бегалиев жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521