Дархан өзегінен 3 млн. шабақ құтқарылды

(1 Vote)

Өткен әзірде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Құрманғазы инспекциясы бөлімінің бас маманы К.Лұқпанов Нұржау ауылына қарасты Дархан өзегі бойында бақылау жұмыстарын жүргізу барысында шабақ қырылу орын алу мүмкіндігі бар аумақтарды анықтады.

Осыған орай, Нұржау және Жаңаталап ауылдық округтерінің әкімдеріне орын алған жағдай жөнінде хабарлаған. Сол аймақтан табылған өлген алабұға, шортан балықтары жойылды. Одан әрі, Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің мамандары, Ақкөл, Нұржау, Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының қоғамдық қызметкерлері, «Каспий балық», «Каспий таңы» ӨК-і, «Амангелді», «Тілекші», «Ш.Сүлейменов ЛТД» ЖШС, «Е.Сәрсенбаев» ШҚ-нің жұмысшылары «СинеМидасСтрой» ЖШС эксковаторы, Жаңаталап, Нұржау ауылдық округі әкімі аппаратына тиесілі 2 трактордың көмегімен өзекке тазалау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 150 куб метр шөп пен балдырдан тазалады.

3-mln-shaba2

Бұдан басқа, Дархан өзегінің 500 метр тайыздаған бөлігі эксковатормен қазылды. Бригада жұмысшылары шамамен 3 млн. шабақты қырылу қаупінен сақтап, Шарон өзеніне еркін өтуіне жағдай жасалды. Айта кетейік, шабақ құтқару жұмыстарына  72 адам, 2 трактор, 1 эксковатор жұмылдырылды.   

3-mln-shaba1

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT