Дариға Назарбаева шетелдік көліктерді тіркеуге қатысты өз пікірін білдірді

Рейтинг: 0 / 5

Қазақстанда 200 мың шетелдік автокөліктің иелері кедендік және басқа да салықты төлеуден бас тартуда.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева бұл мәселені шешу керек екенін айтты.

“Елімізде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көліктерді тіркеу бойынша мәселе туындады. Бұған ішкі істер министрлігінің Қырғызстан мен Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуден өткізу туралы бастамасы себеп болды. Көлік иелері ЕАЭО елдерінен әкелінген көлікті уақытша тіркеуден өткізгеннен кейін бір жыл ішінде барлық тиісті салықты төлеп, кедендік рәсімдеуден өткізу қажет. Яғни әр көлік үшін автокөлік иесі қосылған құн салығы ретінде көлік құнының 12%-ын төлеуі қажет, бұл шамамен 2 миллион теңге”, – деп ақпарат берді сенат депутаты Андрей Лукин.

Сондай-ақ, оның айтуынша, елге әкелінген автокөлік кеден одағының “Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” техникалық регламентке сай болуы керек. “Ал автокөлік иелері еліміздің әр аймағында жиналып, мемлекеттік органдарға барып, наразылық білдіріп жатыр”, – деді Лукин.

“Қазақстандықтар шекараның ашық болғанын пайдаланып, сондай-ақ бағада айтарлықтай айырмашылық барын ескеріп, шет елдерден автокөліктерді жаппай әкелуді бастады. Соның нәтижесінде бүгінде Қазақстанда 200 мыңға жуық шетелдік көлік есепке алынған. Ал автокөлік жүргізушілері кедендік және басқа да алымдарды төлеуден бас тартып отыр”, – деді Лукин.

“Кеше осы мәселені талқыладық. Біз айтып отырған 200 мың автокөліктің 170 мыңы Ресей Федерациясында қолданыста жүр. Ал бізге Қазақстанда 24 мың көлік қолданыста екені айтылды. Әрине, бұдан жағдай жақсармайды. Бұл мәселені шешуіміз керек, – деді Дариға Назарбаева.

Atr.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика