Даналыққа бастар дара жол

(0 Votes)

Аудандық орталық кітапханада білім, кәсіби білім, мемлекеттік қызмет, өкілетті орган саласында ұзақ жыл жемісті еңбек еткен Сұлтанияев Рифхат Мұғалімұлының 70 жасқа толуына орай «Дара жол» шарасы өтті.

Мерейгердің өнегелі өмір жолына арналған тағылымды кешті ақын, журналист Еркеназ Еркінқызы мағыналы сөзбен мәнерлеп, көркем сөзбен кестелеп жүргізіп отырды.

danalya-bastar-dara-zhol5

Алдымен Рифхат Мұғалімұлы мен зайыбы Қатима апай үлкен қошеметпен құрмет төріне шығарылды. Ардагер аға, оның отбасы жайында бейнесюжет тамашаланып, белгілі әнші Толыбай Қажыгереевтің орындауындағы әсем ән тыңдалды. Келесі кезектерде шараға арнайы шақырылған қонақтар сөз алып, мерейгер туралы естеліктермен бөлісті. Студенттік кезеңнің қызықты сәттерінен Берік Құмаров, Жарылғас Ғұбашұлы сыр шертіп, бір курстасы шығарған тамаша әнді тарту етті. Алғашқы еңбек жолын бастаған Ленин атындағы (қазіргі Нұржау) мектебінде әріптес болған Аққаным Төкешова апай сол бір кезеңмен қатар, жылдар өте келе бір туысына қызын айттыруға құда түсе келгендегі қызықты жайттарды әңгімеледі.

danalya-bastar-dara-zhol1

d

Бала кезден досы Ұлыбек Азатұлы, жастық күндерінің куәгері Нариманбек Шолтырұлы алыста қалған асау жылдарға шегініс жасады. Халық қалаулысы болып сайланып, өкілетті органға басшылық жасаған кезең жайында Мансур Қуаншәлиев елдің игілігі үшін деп тер төккен күндерін еске алды. Кәсіби білім беру саласының ардагері Мұратқали Оразов та еліміздің жас кәсіп иелерін тәрбиелеудегі атқарған істеріне тоқталды.

Аудан әкімінің орныбасары Гүлнар Хасанова мемлекекттік қызметтегі еселі еңбегіне лайықты бағасын берсе, аудандық мәслихаттың төрағасы Болат Жүгінісов бірнеше шақырылым бойы депутаттар корпусын лайықты басқарғанын атап өтіп, алғысын білдірді. Аудандық қоғамдық кеңестегі қызметі жайында әріптесі Оразғали Алғаязов айтып өтті. Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Хамзаева туған ауылының сәлемін жеткізді.

danalya-bastar-dara-zhol4

Кеш барысында мерейгердің немересі Жәңгір Мұрабекұлы ата-әжесіне жүрек тебірентерлік ән арнап, жанарларға жас үйірді. Бейнебайланыс арқылы алыстағы Канададан қызы Айымгүл, Қызылқоға аудандық мәслихатының төрайымы Толқын Бейісқали құттықтау тілегін жолдады. Соңында Рифхат Мұғалімұлына «Дара жол» шарасының дәстүрлі қысқа да нұсқа сұрақтары қойылып, жауаптары алынды.

d

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521