Дамуымыздың басты құжаты

(0 Votes)

Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауында алдыңғы жылдардағыдай экономикалық бағытқа ерекше көңіл бөлінді. Ел дамуының басты құжаты барлық саланы қамтып, қоғамның барлық әлеуметтік топтарына арналды. Ғылыми-техникалық прогрестің жемісі - жасанды интеллект пен барлық салаларды цифрлық жүйеге көшіру идеясы Жолдаудың негізгі өзегі болды.

Жаңа Жолдаудың тұжырымдамалық мақсаты елді терең цифрлық трансформациялау идеясы, экономиканы әртараптандыру мен цифрландыру, оның ауқымды құрылымдық жаңғыртылуы, экономикалық және саяси реформалардың берік ғылыми және заңнамалық негізін құру болып табылады. Президенттің ең маңызды стратегиялық міндеті – алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру. Осы бағытты үйлестіру үшін Мемлекет басшысы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырды. Сонымен қатар, елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына, макроэкономикалық тұрақтылықты қалыптастыруға, инвестициялық саясат пен бизнес жүргізу шарттарын қайта қарауға, цифрлық активтер экожүйесін құруға, өнеркәсіптік әлеуетті толық ашуға, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын жан-жақты орнықтыруға бағытталған бірқатар міндеттерді қойды.

Берік ӘНЕСОВ,

Ломоносов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT