Ауданда ұлттық домбыра күні атап өтілді

(0 Votes)

 

«Даламыздың үнісің сен, домбыра» тақырыбында ұлттық домбыра күніне орай күй атасы Құрманғазының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Аудан әкімдігі және ардагерлер кеңесі, аудандық мәслихат және депутаттар корпусы, аудандық аналар кеңесі, Төлеген Ахметжанов атындағы халық-ұлт аспаптар оркестрі, «Жиделі», «Ақжелең» фольклорлық ансамбльдері, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей атындағы балалар өнер, музыка мектептері құдіретті күйшінің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

d

d

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанова жиналғандарды ұлттық домбыра күнімен құттықтады. – «Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырзәлі жырлағандай, біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтаныш етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті боршымыз. Жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпаздарға алғысымды айтамын. Домбыра күні мерекесі құтты болсын. Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!

d

Бұдан соң шағын концертке кезек беріліп, Дина Нұрпейісова атындағы өнер мектебінің оқушылары, «Жиделі» халықтық фольклорлық ансамблінң домбырашылар триосы домбырадан күй төгілдірді. Осы ұжымдардың өнерпаздары Нұрдәулет Нұрланов, Жазира Мұхамеддинова Құрманғазының, Динаның, Дәулеткерейдің шығармаларынан күйтартыс ұйымдастырды. Дәстүрлі әнші Заря Қуанышқызы халық әні «Шымырды» орындады.

d

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521