Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың туған күніне орай прозаны жатқа оқудан «Дала дарыны» атты аудандық байқау өтті.
«Жазушының прозалық шығармаларынан жатқа үзінді оқу» және «Танымал ақын-жазушылардың Р.Отарбаевқа арнаған бір өлеңін жатқа оқу» атты екі бөлімнен тұратын сайысқа 18-35 жас аралығындағы жастар қатысты. Бәрі де бұған дейін мұндай шараларда бақ сынамағандар.
Сайыс қорытындысында ұпай нәтижесімен І орын Бөкейхан ауылдық округінен қатысқан Жақсылық Мұраталиевке тиді. ІІ орын жаңаталаптық Закария Хасановтың еншісінде. ІІІ орын орлылық Әсемгүл Ерғалиева мен еңбекшілік Самал Зинуроваға бұйырды. Қатысушылар дипломдармен, естелік сыйлықтармен ұлығыланды.
Қанат ҒҰМАРОВ