«Дала академигі»

(0 Votes)

Ауылда туып алысты мойындатқан, көзі тірісінде-ақ «Дала академигі» атанған, халқымыздың біртуар перзенті, белгілі топонимші ғалым, Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, марқұм Құмарұлы Мақсот Жолжановтың бірқатар ғылыми еңбектерінің басын біріктірген жаңа кітап осындай атаумен еліміздің әйгілі «Балауса» баспасынан жарық көрді.

Таралымы 1000 дана. Кітап Атырау облысы әкімдігінің демеушілігімен, інісі Ерғанат Жолжановтың қолдауымен, өлкетанушы жерлесіміз Өтепберген Әлімгерейұлының рецензиялауымен, облыстық, аудандық мұражайдың басшы, қосшылары Р.Харипова, С.Нұрпейісова, Г.Тауманова, А.Мусағалиева, В.Шапикованың баспаға дайындауымен жарық көрген.

Кітаптың алғы сөзін «Ауылда туып, алысқа даңқы жайылған» деген тақырыппен бала кезден шәкірті, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Таңатар Дәрелұлы жазған. Қалың жинақ бес бөлімнен тұрады. Атап айтқанда: «Туған өлке тарихының зерттелуі» (бірінші), «Тарихи және әдеби атаулар мәні»(екінші), «Топономика әлемнің құпия сырлары»(үшінші), «Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы»(төртінші), «Выписки продолжаются»(бесінші).

Тұсаукесері Атырау облыстық тарихи өлкетану мұражайында өтті. Оған облысымыздың бірқатар зиялы қауым өкілдері, Мақсот Құмарұлының көзін көргендер, қызметтес болғандар, ұрпақтары, бауырлары шақырылып қатынасты. Алғашқы сөзді ауылдасы, академик жазушы Өмірзақ Қажымғалиұлы алып, М.Құмарұлының тек ғалым үшін жаратылған бірегей бет-бейнесіне тоқталып, шараға қатысушыларға қош келдің тілегін айтты. Кітаптың мазмұнына зерделі шолу жасалды. Өтепберген Әлімгерейұлы, Нұрдәулет Ақназаров, шәкірттері Т.Дәрелұлы, Қ.Түсіпқалиев, інісі Е.Жолжанұлы, Р.Харипова, С.Мұхамбетов, Т.Жаңабаев, А.Кенжеғалиев сияқты қаламгерлер өз пікірлерін білдірді.

Тұсаукесерін ҚР Жазушылар одағы Атырау филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев пен автордың қызы Күлән Мақсотқызы жасады.

Інісі Ерғанат Жолжанұлы осы бір оңды іске жол-жоба көрсеткен облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Сақтайұлына, барлық қолдаушыларға, қатысушыларға алғыс тілегін білдірді. Марқұм Мақсот Құмарұлының ұрпақтары атынан ұлы Марат Мақсотұлы да өз ризашылығын жеткізді.

Соңынан інісі Е.Жолжанұлының ұйымдастыруымен дастархан жайылып, аруағына құран-дұға бағышталды.

Айнагүл Шакупова

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21