«Дала академигі»

(0 Votes)

Осындай тақырыппен аудандық музей мен «Өренді өлкетанушылар» клубының ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданының «Құрметті Азаматы», жаратылыстану ғылымдары академиясының коореспондент мүшесі, белгілі топономшы, өлкетанушы, шахмат есептері композициясын құрастырудан КСРО біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы Жолжанов Мақсот Құмарұлының туғанына 90 жыл толуына орай шара өткізілді.

Алдымен қатысушылар ауылда туып алысты мойындатқан, көзі тірісінде-ақ «Дала академигі» атанған, халқымыздың біртуар перзенті туралы  М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің оқушысы, «Жас экскурсовод» клуб мүшесі Даяна Жағпарованың дайындаған слайдына назар аударды. Академик-жазушы, «Өренді өлкетанушы» клубының төрағасы Өмірзақ Қажымғалиев Мақсот Жолжанов бар саналы ғұмырын өлке тарихын зерттеуге арнаған, ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген жылдарына қатысты деректерді алғаш рет нақтылай отырып, ғалымдарды еріксіз мойындатқан, олардың көпшілігі бата алмаған тарих, өлкетану және топономика, тіл-әдебиет, фольклор саласында айтарлықтай өзіндік еңбегі бар ғалым екендігін жеткізіп, оның артына қалдырған мол мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатынын айтты. Жазушы-журналист Таңатар Дәрелұлы, ардагер журналист, өлкетанушы Асқар Ғұмаров,  Білім беру қызметкерлері кәсіподақтарының аудандық комитетінің төрағасы Әуез Изжанов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жұмақай Ғұмаров, ауданның Құрметті азаматы Рифхат Сұлтанияев, «Серпер» газетінің штаттан тыс тілшісі Нариманбек Шолтырұлы, Мақсот Құмарұлының іні-қарындастары, қызы Майра Мақсотқызы өлкетанушы-ғалымның сан-саладағы өлшеусіз тарихи еңбегін тілге тиек етіп, шахматтағы жетістіктерін, жалпы, адами болмысына тоқталып, ыстық естеліктерімен бөлісті.

dala-akademigi

Келесі кезекте  Абай атындағы орта мектебінің оқушысы, «Жас экскурсовод» клубының мүшесі Перизат Саламатқызы бүгінгі шараға орай дайындалған көрмені таныстырды.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT