Дәулеткерей саз мектебінің оқушылары жүлделі орынмен оралды.
Олар қараша айында Ақтау қаласында өткен " Мың бояулы Маңғыстау " атты Республикалық жасөспірімдер мен оқушылар арасындағы байқауға қатысып, өнерлі өлкенің намысын қорғаған дарындарымыз талайды тамсандырып, ауданға құр қоржынмен қайтпады.
Атап айтсақ, вокал номинациясы бойынша Айкөркем Ирлан - І орын, Аделя Талапова мен Мирас Исағали - ІІ орын, Айназ Бейсенбай, Балнұр Болатбекқызы және Нұржігіт Амангелді - ІІІ орын (жетекшілері Айнұр Бауыржанқызы, Мөлдір Саламатова) иемденді. Баян номинациясынан Мөлдір Бауыржанқызы жүлделі - І орын, Айна Қазымбек (вокал) – ІІ орын ( жетекшісі Светлана Бердешова), Ботагөз Парасатқызы, Іңкар Талғат – ІІІ орынды қанжығалады. Ал, қобыз аспабынан бақ сынасқан Индира Жамалиден мен Аделья Қайрат (жетекшісі Гүлайым Селеуова) үздіктер қатарынан табылып, І орынмен оралды. Өнерлі шәкірттеріміздің қанаттары талмай, талаптары молая берсін деп тілек білдіреміз.