Дәстүрлі ән өнерін ұлықтаған

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәстүрлі әнші, жыршы-термеші Хатимолла Бердіғалиевпен «Шарықтап ел алдында салған әні» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Дәстүрлі ән өнеріндегі биік тұлғалар Мұхит пен Ғарифолла Құрманғалиевтың жолын жалғастырушы мәртебелі мейманымыз қошеметпен сахна төріне шақырылды. Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп,  өнерде өзіндік қайталанбас өрнегін салып, халықтың ақ батасын алған Хатимолла Жәңгірұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

atimolla2

Одан әрі аудан өнерпазы Болат Бидоллаев кеш иесімен сырлы сұхбат жүргізіп, қонақкәде сұрады. Шара барысында аудан өнерпаздары да дәсүрлі әндер орындады. Жергілікті айтыскер ақын, өңірімізде айтыс додаларын ұйымдастырушы Хатимолла Жәңгірұлынан тәлім алған шәкірті Мүтиғолла Ғанидің «Арнау» өлеңі оқылды.

Айта кетейік, Қатимолла Бердіғалиев 1952 жылы 29 қаңтарда Батыс  Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтаған соң, Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищесіне оқуға түсіп, А.Муравьев  класын  бітірген. Еңбек жолын өзі оқыған орта мектепте мұғалім болып бастап, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі қызметтерін атқарып, Құрманғазы атындағы саз колледжінде жастарға дәріс берген. Ән қоржынында қазақтың үш жүзден астам кең тынысты қажет ететін халық әндерімен қатар, терең философиялық мән-мағынаға толы өткен ғасырлардың Бұхар, Базар, Қашаған жыраулардың терме жырлары, Мұхиттың, Ғарифолланың, халық композиторларының әндері де бар.

a

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521