Дүрбелең

(0 Votes)

Аяқ асты жау шыққандай іргеден,

Бетін әрмен, қиын жағдай бұл деген.

Бұл пәлені қай оңбаған тапты ойлап,

Басталды да кетті елімде дүрбелең.

Тіл тигізбе, кіналама құдайды,

Бұзды ит-көңіл құдай берген шырайды.

Тепсе темір үзетіндер көмекке,

Зәру емес, жұмыс қана сұрайды.

Қауқарсыздар алақ-жұлақ қарайды,

Ішкен асың қалай бойға тарайды?

Туған елдің тыныштығын тілейді,

Күтетіні соңғы күні әр айдың.

Сүйенері зейнетақы бір тиер,

Қол дірілдеп қабақтары кіртиер.

Сонда да олар тыныштықтың жоқшысы,

Шүкір, Алла, деп көңілмен күн сүйер.

Бүлдіршіндер, саған обал болмағай,

Жарылқаумен Тәңір өзі қолдағай.

Тәттілерді таңдап жейтін заманың,

Тәуелсіздік мызғымастай орнағай.

Сеніп жүрген серке-жүрек кірлеген,

Жүдеу жүз бар, байлар көңілін бірлеген.

Жоғарыда аш күзендер ұлиды,

Вирус шықты көп отырып түрмеден.

Бұқара мен билік бүгін жаттаймыз,

Еркін болдық, еркін сөйлеп жақпаймыз.

Дайын отыр буынып та түйініп,

Туған жерден біз ешқайға қашпаймыз.

Біреулердің уайымы тек байлығы,

Байығандар нені ойлайды қай күні.

Қара су мен қара нан ас-қайғысыз,

Ел-жұртыма жуымағай қайғы үні.

Жағымды емес, мынау шыққан дүрбелең,

Тажал вирус бірге шықты түрмеден.

Ауыздықтау қажет бәрін ақылмен,

Жер мен елді сақтау үшін гүлдеген.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521