Дәрісі арзан дәріхана

(1 Vote)

Құрманғазы ауданы әкімі жанындағы мониторингтік топ халыққа қажетті дәрі-дәрмектердің жеткізілуі мен бағасын білмек ниетпен Ақкөл ауылдық округінде болды.

Ауылда тек жалғыз ғана №21 дәріхана бар екен. Мұнда карантин талаптарының бәрі сақталып отыр. Іші мұнтаздай таза, антисептиктер келушілер үшін қолжетімді. Ішке тек бір адамнан кіргізеді.

Дәріхана иесі Татьяна Елжанова аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміровпен және мониторингтік топ мүшелерімен әңгімесінде тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтуда кідіріс жоғын жеткізді.

Тағы бір ерекшелігі бұл дәріхана қат дәрілерді олардың тапшылығын болдырмау үшін дәрігердің берген қағазымен ғана босатады. Осы жерде Жандос Мнафихұлы Астраханнан келген дәрігерлердің бізде цефозалин сияқты дәрілерді рецептсіз босататынына таң қалғанын еске салды.

– Дәріні Ақтөбе қаласынан әкелеміз. Бізде Аспирин-70, Парацетомол-120, Цефозалин-190, Римнатадин-450, Ципрофлоксацин-380, Новокаинның Ресейден шыққаны 370, Өзбекстаннан келгені 350 теңге. Бетперделердің ақ түрі -100, көгі-75 теңгеден сатылуда.

Жан-жақтағы ауылдардан келетін тұтынушыларымыз бар. Көбіне антибиотиктер жақсы өтеді. Дәрі бағасын көтерген емеспіз, - дейді Татьяна Василийқызы.

Округ әкімі Бисембай Рамазанов та дәріхана жұмысына жақсы баға берді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521