Дүкендердегі баға біраз көтеріңкі

(0 Votes)

Балқұдық ауылының әкімі Тұрарбек Әліпбаев аудан орталығынан келген көмекке ризашылығын білдірді.

Ауыл тұрғыны, аудандық мәслихаттың депутаты Мансур Қуаншәлиев: – Жаңалықтардан естіп жатамыз, елімізде, облыс, аудан орталықтарында кәсіпкерлер өз қаражаттарымен ортақ іске, төтенше жағдайда халықтың әл-ауқатының төмендеп кетпеуіне үлестерін қосуда. Міне, осыншама азық-түлікті аудан әкімдігі жеткізіп беріп отыр. Ал, ауылдағы алты кәсіпкер өзара ұйымдасып неге ауылдастарына осындай көмек жасамайды. Менімше оларға айту жағы кем. Әрине, тауарды тасу қиынға түсетінінен хабардармыз, бірақ, қазір кімге оңай тиіп жатыр. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларына бір рет болса да тегін азық-түлік үлестірсе сауап алар еді, - деді бізбен әңгімесінде кейбір кәсіпкерлердің ондайға бармайтынына қынжылыс танытып.

img_1508

Балқұдық ауылының тұрғыны Бисенғали Қадыров, Азғыр ауылынан келген көп балалы жұмыссыз ана Айжан Ғазизова көрсетіліп жатқан көмек үшін алғысын айтты. Мұндағы дүкендерге де ортақ жайт баға аудан орталығымен салыстырғанда біраз көтеріңкі, тауарларды қандай бағамен алғаны жөніндегі құжат мүлдем жоқ, касса аппараты жұмыс жасамайды. Оларға да төтенше жағдайлар талаптары түсіндіріліп, бағаны тым көтеріп жіберуге болмайтыны ескертілді.

img_1511

Айта кетер жайт төтенше жағдайға байланыста адам санына шектеу енгізілгендіктен үш округтің оқушылары да үйден оқуда. Оларға дүйсенбі күні мектеп мұғалімдері тапсырма беріп, жұма күні жинап алады екен. Бұл үшін жұмыспен қамту бөлімі арқылы арнайы адам бөлінген.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT