Дөңгелек үстелде бас қосты

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында әлемдік пандемияға байланысты күрделі жағдайға орай денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, аға буын ардагерлері және қиын кезеңде көмек қолдарын ұсынған қайырымды жандар, кәсіпкерлік өкілдері дөңгелек үстелде бас қосты.

Жиынды аудан әкімі Қайрат Нұртаев кіріспе сөзбен ашып, аудан бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров қысқаша баяндады.

img_2604

– Шектеу шараларының орындалуын қадағалау мақсатында 19 мобильдік топ құрылып, рейдтер жүргізді. Қорытындысымен талаптарды орындамаған 3 дүкен иесіне, 27 жеке тұлға мен автокөлік құралдарын жүргізушіге және бағаны негізсіз көтерген 3 дәріхана қожайынына аудандық полиция бөлімімен акт жасақталып, шара алу үшін құзырлы органдарға жіберілді. Аурудың көп ошағы анықталған Ақкөл ауылында карантин енгізіліп, індеттің таралмауының жағдайы жасалынды. Атқарылған істердің нәтижесінде қазір жағдай тұрақталды. Темір жол саласындағы Ресейдің Ақсарай бекетіне қатынап жұмыс жасайтын 280 адам 100 бірлікке дейін қысқартылып, қызметті оқшаулау әдісімен вахталық негізде ұйымдастыру үшін Ақкөл орта мектебі ғимаратынан уақытша орын бөлінді. «Қазақстан темір жолы» АҚ өз қызметкерлерінің күнделікті денсаулықтарын тексеріп тұру мақсатында «Медикер» мекемесімен келісімшартқа отыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ақкөлді ауыз сумен қамту мәселесіндегі келеңсіздіктерге орай мердігер мекемеге ескертіліп, қазіргі уақытта №1 су көтеру стансасы ауылдың 60 пайызын сумен қамту жолға қойылды. Ал, қалған бөлігі ауыз су тасу автокөліктерінің күшімен жағдай реттелді, - деді баяндамашы.

img_2609

Көтерілген мәселеге орай «Құрманғазы СДО» өндірістік кооперативі төрағасы Б.Кенжебаев, «Құрманғазы» қайырымдылық қорының жетекшісі Е.Тарихов, аудандық орталық аурухананың басшысы Г.Мүтиева, денсаулық сақтау саласының ардагерлері Т.Аманғалиев, Е.Аюпов өз пікірлерін білдірді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521