COVID-19: Құрманғазы ауданы бойынша 24 шілдедегі ахуал

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы Қазақстан Республикасының шекарасының батыс қақпасында орналасқандықтан мемлекетаралық шекарадан бүкіл әлем бойынша транспорттық, туристік және т.б қатынас түрлері аудан үстімен өтеді.

Сондықтан коронавирус инфекциясына байланысты карантин жарияланғаннан бері Котяев санитарлық өткізу пункті ашылып, ол бойынша 4 ай ішінде 18 000 адам өтіп, 261 адам карантиндік және провизорлық бөлімшеге жатқызылып шығарылды. Олардың ішінен ең бірінші болып коронавирусқа оң нәтиже беріп тіркелген Түркістан облысының 5 және Ақтау қаласының 1 азаматы.
Шекарада халықаралық тасымалдаушыларды бақылайтын зертхана ашылып онда 339 тест қаралып, 1 оң нәтиже алынды.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиеваның айтуынша бастапқыда аудан көлемінде COVID-19 жұқпасына дайындыққа байланысты Құрманғазы ауылындағы агроколледж ғимаратынан 30 провизорлық, 30 карантиндік төсектік бөлімшелер дайындалып, ол жерге 320 адам жатқызылған.
Оның 85-і провизорда, 235-і карантиндік бөлімге орналастырылған. Бірақ, коронавирус инфекциясының, соның ішінде стационарлық емес пневмония жағдайларының тұрғындар арасында көптеп тіркелуіне байланысты, агроколледждің шағын ғимараты санитарлық талаптарға сай болмай шыққан, яғни тарлық еткен.
Науқастар сыймауына байланысты 2020 жылдың 24 маусымынан бастап Жұмекен ауылында орналасқан облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясы жабылып, орнына 30 төсектік провизор, 30 төсектік карантиндік орындар көшіріліп, косымша 20 төсек инфекциялық бөлімше ашылған.

Бұған дейін КВИ-ға байланысты бөлімшелер Атырау облыстық №2 ауруханаға қарап келсе, 1 шілдеден бастап аудандық аурухана бөлімшелері болып ауыстырылған.

Қазір аталған санаторияда науқастардың түсу бағытына карай 50 төсектік провизор, 10 төсектік карантиндік орын және 30 төсектік инфекциялық бөлімше барлығы 90 төсектік стационар ашылып, жұмыс жасап жатыр. Мұнда жұқпалы аурулар (инфекциялық) бөлімшесінде 15, провизор бөлімінде 17, карантин бөлімшесінде 5 науқас емделуде.

Бұл жерде 9 дәрігер, 22 орта буын медицина қызметкері, 28 басқа да адамдар ( тазалықшы, оператор, аспаз, күзетші, кір жуушы және т.б) қызмет етеді. Лаборатория, рентген,тамақтандыру барлығы сол жерде ұйымдастырылады.

Ауданымыздың бас дәрігері Гүлсара Нұрмұхамбетқызы:

– Жалпы аудан бойынша барлық ауырған адамдар саны – 846, соның ішінде КВИ-ға оң нәтиже көрсеткені – 152. Ауруханада емделгені – 560, соның ішінде КВИ-ға оң нәтижемен емделгендер – 32. Үйден емделгендер – 173 болса, оң нәтиже көрсеткендері – 4 адам. Симптомсыз карантинде болғандар саны – 173. Барлық емделгендер ішінен дүние салғандар – 11, олардан КВИ-мен қайтқандар – 5 адам. Пневмониядан өмірден өткендер – 6 адам болып отыр. 816 ауру адамнан 715-і жазылды. Жағдай тұрақтап келеді, яғни, жаңадан ауырған адамдар азайды. Қазір ауырып үйден емделсе де жақсара алмай немесе емделмей қалғандар асқынулармен түсіп жатыр. Оларға да ем жасалуда, - дейді.
Індетпен күресте алғы шепте жүрген барлық дәрігерлеріміз бен медицина қызметкерлеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Апталап үй көрмей, уақытпен санаспай еткен еңбектеріңіз, көрген қиындықтарыңыз Алла қолдап қайтарымын беріп, тәжвирусты ортамыздан аластап, абырой-беделдеріңіз асқақтай берсін.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521