COVID - 19 індетінен ақкөлдік азаматша қайтыс болды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының 72 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясынан көз жұмды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылының 1948 жылғы тұрғыны екі жақты пневмониямен ауданның орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Зейнеткер әйелде артериалды гипертензия, тамырдан шыққан прогрессивті дискркуляторлы энцеопатия, бауыр стеатозы, созылмалы панкреатит аурулары да болған. 4 маусым күні COVID -19 бар-жоғын анықтау үшін тексеруден өткізіліп, 6 маусымда талдау коронавирус ирфекциясы барын көрсетті.

- Науқасты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруға дайындап еді, бірақ жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасады, барлығы нәтижесіз болды. Өкінішке қарай, науқас қайтыс болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл COVID - 19 індетінен тіркелген Атырау облысындағы үшінші өлім.

azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521