COVID-19 індетін жұқтырушылар Ақкөлден басқа ауылдарда анықталуда

(0 Votes)

Бүгінде әлемді дүр сілкіндірген жаман ауру елді жайлап бара жатса «қой өтірік көрінеді ғой» деп арамызда сенбейтіндер де жетіп артылады.

Мамандардың айтуынша індетке шалдыққандардың көпшілігінде аурудың белгілері бірден байқалмайды. Сөйтіп жүріп талай адамға жұқтырады екен. Міне, біз сенбей жүргенде қауіптің бұлты төбемізден төнді. Ауданымызға қатысты Ақкөл ауылдық округі карантинге жабылды. Аймақта Ковид-19 індетін жұқтырушылар саны күрт өсуде. Осыған орай ауданның бас санитарлық дәрігері қаулы қабылдады.

Бір адамның өлімі тіркелді. Күні бүгін жұқтырушылардың саны 43 - ке жетті. Осыған орай, ауданымыздың бас санитар дәрігері 10 маусым түнгі сағат 00:00-ден бастап 24 маусым таңғы сағат 07:00 дейін Құрманғазы ауданы аумағында шектеу шараларын енгізу жөнінде қаулы қабылдады. Індетке шалдыққандардың 36-сы Ақкөл ауылынан, 6-ауы Құрманғазы, 1-еуі Кудряшовтан шығып отыр.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521