COVID-19: науқастар саны азайып келеді

(0 Votes)

Атырауда өткен тәулікте COVID-19 саны 15 адамға көбейді, деп хабарлайды ATPress.kz.

23 тамызда Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған 175 адам анықталды. Бұл ұзақ уақыттан бері тіркеліп отырған ең аз көрсеткіш.

Инфекция ең аз тіркелген аймақтар Шымкент (+1) және Қызылорда облысы (+1) болса, Шығыс Қазақстан (+28) және Қарағанды (+20) облыстары аурулар саны ең көп тіркелген аймақ болып қалып отыр.

Жалпы, пандемия басталғалы бері вирус жұқтырған қазақстандықтар саны 104 718 құрап отыр.

Қазақстанда COVID-19 дертінен көз жұмғандар – 1 415 адам.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521