COVID-19 инфекциясына 1229 құрманғазылық анализ тапсырып, оның 110-нан оң нәтиже алынды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Оның төрағасы Жұмақай Ғұмаров күн тәртібінде бір мәселе – аудан әкімінің 2020 жылдың І жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі тыңдалатынын қаперледі. Аталмыш хабарлама газетіміздің алдыңғы сандарында жарияланғандықтан, оған тоқталмауды жөн көрдік. Пандемиялық ахуалдың өңірге әсері, ел ішін кезген індетпен күрес қалай жүргізілгені, науқастардың бүгінгі жағдайы туралы мәлімет те әкім есебінен көрініс тапты.

– Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы негізінде аудан бойынша арнай штаб құрылып, енгізілген шектеулердің орындалысын қадағалау жұмыстары жүргізілді.

Облыс аумағында енгізілген карантин мен шектеулер кезеңінде Штаб жанынан аудан әкімініңөкіміне сәйкес, өңірде объектілердің қызметтерін қайта бастауға дайындығын бағалауды жүргізу арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мобильдік топ құрылды. Олар азық-түлік, дәріхана нысандарында санитарлық-гигиеналық талаптарын қатаң ұстау, шектеу шараларының орындалуы қадағаланып, азық түлік өнімдерін сататын көтерме сауда орындарында және дүкендерде бағаны негізсіз көтермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Тұрғындарды тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатындаштаб тарапынан кәсіпкерлердің жүк көліктеріне 45 рұқсат қағазы берілді.

Құрманғазы ауданында COVID-19 инфекциясына дайындыққа байланысты Құрманғазы ауылындағы агроколледж ғимаратынан 30 провизорлық, 30 карантиндік төсектік бөлімше ашылды. Ол жерге 320 адам жатқызылды. Оның 85-і провизорда, 235-і карантиндік бөлімде ем алды. Бірақ коронавирус инфекциясы, соның ішінде стационарлық емес пневмония жағдайлары тұрғындар арасында көптеп тіркеліп, агроколледж ғимараты санитарлық талапқа сай болмай, науқастар да ол жерге сыймады. Осыған орай, 24 маусымнан бастап Жұмекен ауылында орналасқан облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясы жабылып, 30 төсектік провизор, 30 төсектік карантиндік орындар сонда көшіріліп, косымша 20 орындық инфекциялық бөлімше ашылды. Бұған дейін КВИ - ға байланысты бөлімшелер Атырау облыстық №2 ауруханаға қарап келген болса, 1 шілдеден бастап аудандық аурухана бөлімшелері болып ауыстырылды, бүгінгі күні науқастардың түсу бағытына карай 50 төсектік провизор, 10 төсектік карантиндік орын және 30 төсектік инфекциялық бөлімше барлығы 90 төсектік стационар болып ашылып жұмыс жасауда. 2020 жылдың 6 айында инфекциялық бөлімшеде 23, провизорда 39, карантин бөлімшесінде 9 науқас емделсе, күні бүгін инфекциялық бөлімшеде 11, провизорда 10 науқас ем-домдарын жалғастыруда. Бұл жерде 8 дәрігер, 30 орта буын медицина кызметкері, 60 шаруашылық кызметкерлері жұмыс жасаса, қазіргі таңда жоғары білімді мамандармен толығып, медбикелер саны қысқартылды.

Өңірімізде 110 коронавирус жұқтырғандар тіркеліп, 92-і сауығуы себепті есептен шығарылды.Күні бүгін 8-і үй жағдайындағы карантинде, 5-еуі Атырау қаласында емделуде. Өкінішке қарай, 5 адам КВИ-дан қайтыс болды.

Коронавирус пандемиясы орын алғаннан бастап, аудан бойынша 1229 тұрғын полимеразды тізбектік реакциясына анализ тапсырылып, оның 110-нан оң нәтиже алынды. Бұған 31 медицина қызметкері де кіреді. Теңіз кен орнынан 354 адам келіп, барлығы да үй карантин жағдайында болып, қазіргі күні есептен шығарылды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521