Менситова Бибітгүл Мағазқызының газет тілшісіне шағын сұхбаты
Үстіміздегі жылдың 10 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сот жұмысына қазіргі заманғы форматтарды қолдану, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту, татуластыру рәсімдерін қолдану кезінде соттың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Сот процестерін жүргізуде маңызды қадам ретінде қабылданған бұл жаңашылдықтардың аудандық сотта қолданылуы турасында татуластырушы-судья Менситова Бибітгүл Мағазқызы газет тілшісіне шағын сұхбат берген еді.
- Аталған өзгерістер мен толықтырулардың бірі - ҚР Азаматтық процестік кодексінің 150-бабындағы талап арызды қабылдау мерзімінің бұрынғыдай 5 емес, 10 жұмыс күніне дейін ұлғайтылуы болды. Осы мерзім ішінде судья тараптарды татуластыру үшін күш салады, бұл отбасылық дауды сот процесін бастамай шешуге мүмкіндік береді. Татуласу рәсімдері талап қою арызы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Ал, талап қоюмен байланысты емес арыздар бойынша, соның ішінде ерекше өндіріспен қаралатын істер бойынша арызды қабылдау мерзімі 5 жұмыс күн болып қалды.
Мұндай татуластыру рәсімдері бұған дейін республиканың кейбір облыстық соттарында пилоттық жоба ретінде енгізіліп, татуластырушы-судьялар жұмыс жасады. Бұл жобаның тиімділігі сот тәжірбиесінде дәлелденгендіктен бұл күнде азаматтық істерді қарайтын соттардың әрқайсысында татуластырушы-судья ретінде бір судья бекітілді. Оның міндетіне тараптарды бітімгершілікке келтіріп, екі жаққа да тиімді ортақ мәмілеге келу кіреді. Бұл ретте судья тараптарға татуластыру рәсіміне қатысу ұсынысымен шақыру жіберіп, ымыраға келудің артықшылықтарын түсіндіреді. Келіскен жағдайда тараптар татуластыру рәсімінің түрін және медиаторды таңдайды, содан кейін медиацияны жүргізу күні, орны және уақыты туралы хабардар етіледі. Даудың одан әрі ушықпауы үшін татуластырушы-судья алдымен екі тараппен бөлек сөйлесіп алады. Әрқайсысының мәселеге көзқарастарын саралап, сұхбаттасып ортақ мәмілеге келудің жолдарын шешуге жұмыстанады.
Заң күшіне енгеннен бастап, яғни 2020 жылғы 22 маусымнан бүгінгі күнге дейін Құрманғазы аудандық сотында татуластырушы-судьяның қарауына 110 талап арыз түсті. Оның ішінде 16 талап арыз бойынша тараптар бітімгершілікке келіп, талап арыздар соттың іс жүргізуіне қабылданды. Араларында жасалған бітімгершілік және істі медиация тәртібімен реттеу туралы келісімшарттар сотпен бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. Осы негізде 3 ерлі-зайыпты жұп өзара татуласып, отбасын сақтап қалды. Сондай-ақ, банктерден, шағын қаржы мекемелерінен, азаматтардың бір бірінен қарыз ақша алу жөніндегі келісімшарттар бойынша 10 талап арыз тараптармен сұхбаттасу негізінде ортақ мәмілеге келісіп, борышкердің берешегін оған тиімді жолдармен талап қоюшыға қайтаруға қол жеткізілді. Ал, 29 талап арыз татуластырушы-судьямен соттың іс жүргізуіне қабылдануға жату-жатпасы сараланғаннан кейін қайтарылды. Бұл арада сұхбаттасу кезінде талап қоюшыға заң талаптарын түсіндірудің, түрлі ақыл-кеңес берудің септігі тигенін айтуға болады. Тағы бір ескерер жайт, кейбір талап арыздар сотта қарауға жатпағандықтан, немесе басқа сотта қаралуға жатқандықтан, талап қоюшымен заңда немесе келісімшартта көрсетілген тәртіппен сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамағандықтан, талап арыз заңдылыққа сай жазылмағандықтан немесе тіркелуге тиісті құжаттар тіркелмегендіктен қайтарылды. 11 арыз бойынша талап қоюшы өз еркімен бас тартқандықтан қайтарып алынып, іс жүргізу тоқтатылды. Бұл жерде де татуластырушы-судья талап қоюшымен жұмыс жасап, заң кеңесін бергеннен кейін арызданушының өз талабының сотта қаралуы тиімді еместігін түсінгеннен кейін қайтарылып алынды. Жауапкердің талап қоюшының талабын өз еркімен орындауына байланысты бас тартқан жағдайлар да бар. Татуластыру рәсімдері даулар мен жанжалдарды соттан тыс, бірақ толығымен азаматтық-құқықтық салада шешуге мүмкіндік береді.
Сот тәжірбиесіне енгізілген бұл жаңашылдық судьяларға да, тараптарға да тиімділігін көрсетті. Татуластыру рәсімінің арқасында талаптар ортақ мәмілеге келіп, арадағы дауды тез арада шеше алады. Бұл ретте тараптардың арадағы жақсы қарым-қатынасты сақтап қалып, қоғамдағы дау-дамайды азайтуға септігін тигізеді. Тағы бір жағынан бұл өзгерістер азаматтық істерді қарайтын судьялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндіктер берді. Мысалы, аудандық соттың іс жүргізуге түскен 110 талап арыздың татуластырушы-судьяның тиімді жұмысының нәтижесімен 42,9 пайызы ғана судьяларға негізінен қарау үшін берілді. Дейтұрғанмен некені бұзу туралы сияқты татуластыруға қиындық туғызатын талап арыздар әлі де көп кездеседі. Мүлдем араласпайтын, сезімдері әбден суынғандары болмаса ұсақ-түйек тұрмыстық кикілжіңдерге бола арызданушылармен татуластыру жұмыстары жүргізіледі. Ортақ балаларының ертеңгі жағдайын ойлау сияқты өмірлік маңызды мәселелер жете түсіндіріледі. Соттасып жатқаннан гөрі татуласудың тиімділігін айтып отырамыз. Үш-төрт айға дейін созылатын сот талқылауларына қатысып, уақытын жоғалтқаннан гөрі сотқа дейін¬гі татуласу тараптардың әуре-сар¬саң¬ға түспеуіне, уақытты үнемдеуіне және қорғаушы қыз¬ме¬ті¬не төл嬬нетін, соның ішінде сотқа жүгін¬уге байланыс¬ты шы¬ғын¬¬дарды үнем¬деуіне, бастысы, тату қарым-қаты¬¬нас¬ты сақтап қалу¬ына мүм¬кін¬дік береді. Қазіргі коронавирус дертінің жаппай таралуының алдын алу мақсатында қолданысқа енген сот органдары сот отырыстарын қашықтықтан онлайн режимде, яғни қол жетімді мессенджерлер арқылы бейне байланыс құралдары бойынша өткізу де тиімділігін беруде.
А.НӘЖІМОВ