Чемпиондар тәрбиелеп жүрген бапкер

(0 Votes)

Нұржаулық бапкер Зинуллаев Жасұлан Бекжанұлы ауылымыздың тумасы. Қазіргі таңда Атырау қаласының N4 балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс жасайды.

Оның тәрбиелеген шәкірттері Қазақстан Республикасының чемпиондары және де Азия Әлем ойындарының жүлдегерлері. Атырау облысының дзюдо күресіне қосып жатқан үлесі ауыз толтырып айтатындай.

Оған дәлел міне бүгін шәкiрттері жастар арасында тағы да елiмiздiң жеңімпазы атанды. Шәкіртi Абдирова Дана елiмiз чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы.

Басқа да шәкірттері Қазақстан республикасы чемпионатының жүлдегерлері. Жасұланның спорт саласында өз білгенін шәкірттеріне үйретіп чемпион қылып шығару басты арманы. Оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеп, ел сыйлайтын азамат қылу, мықты палуандар ету үшін бар күшін салып жүрген бапкер.

Алдағы жарыстарға сәттілік тілеймін, еңбегіңіз еселене берсін. Шәкiрттерiңiз арасынан әлемдік олимпиада чемпиондары шығуын нәсіп етсін!

Ғайса Ринат

Нұржау ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT