Біріккен Араб Әмірлігі Фуджейра қаласында “FUDJAIRAH OPEN 11G2” ашық халықаралық турнирінде Абай мектебінің 8-сынып оқушысы Бақытжанқызы Нұрайлым чемпион атанды.
Осыған орай, бүгін Абай мектебінің оқушылары мен педагогикалық ұжымы чемпион аруды сән салтанатымен қарсы алды.
Аталмыш шарада сөз сөйлеген мектеп басшымыз Жамал Әдебиетқызы Нұрайлымның жеңісінің нәтижесінде ел абыройы асқақтағанын атап өтіп, жеткен жеңісімен құттықтады және ықылас гүлін ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш турнирге 30 мемлекеттен 2000 жуық спортшы қатысқан.