Чемпион Амира

(0 Votes)

Аудандық мәслихат депутаты Әнуарбек Сәбитов және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Аян Жексенбай еліміз бойынша жасөспірімдер арасында өткізілген дойбы жарысының екі дүркін чемпионы, Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Амира Есенғұлды қабылдап, құттықтау тілектерін білдірді.

Жақында жас дойбышы Амираға «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» спорттық атағы берілген болатын. Қабылдауда Әнуарбек Арманұлы, Аян Жексенбай естелік сыйлықтарын ұсынып, гүл шоқтарын табыстаса, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің бас маманы Мұрадым Қайсаев ақжарма тілегін жолдап, құрмет көрсетті.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT