Cүйіндікте «Қазпоштаның» терминалы ашылды

(0 Votes)

Жақында ғана аудан орталығынан шалғай жатқан Азғыр өңіріндегі Сүйіндік ауылдық округінде игі іс жүзеге асты. 11 қыркүйек күні аталған елді мекенде «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланысы торабының басшысы Виктор Түсекеевтің қатысуымен терминал орнатылды.

Бұл көптен бері айтылғанымен шешуін таппай жүрген мәселелердің бірі еді. «Сабақты ине сәтімен», дегендей, тұрғындар арманы орындалды. Оған себепші болған «Nur Otan» партиясы Сүйіндік бастауыш партия ұйымының төрағасы Жәнабіл Шаданов ағамыз. Оның ұсынысы «Қазпоштаның» аудандық филиалы тарапынан құп алынды.

Енді ауыл тұрғындары банкке түрлі төлемдер жасауына мүмкіндік мол. Салық, коммуналдық қызмет, жарық, телефон, несие жабу және басқаларын осы терминал арқылы атқаруға болады. Бұрынғыдай аудан орталығына шапқылаудың қажеті жоқ. Сүйіндік ауылы тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», деген ғой дана халқымыз. Тұрғындарға осындай жағдай жасағаны үшін «Nur Otan» партиясы Сүйіндік бастауыш партия ұйымының төрағасы Жәнабіл Шаданов, «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланысы торабының басшысы Виктор Түсекеевке ризашылығымызды білдіреміз. Ел қамын ойлайтын осындай азаматтардың саны көбейіп, Азғыр өңірі өркениет игілігінің бірінен соң біріне қолдарын жеткізе берсін!

Гүлмайра Нұрболатқызы, Сүйіндік ауылдық округінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521