«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ) «Ашық есік күні»: ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз

(0 Votes)

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылғы 24 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалы «Ашық есік күнін» өткізеді.  
     Күннің басты тақырыбы – «ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ –салымшыларға ыңғайлы болу үшін». 
     
Алдағы іс-шара барысында Қор мамандары жаңа Салық кодексіндегі зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі өзгерістер, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтері туралы айтып береді. 
     Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2025 жылдың 24 қыркүйегінде және 3 сессияда сағат: 10:00, 11:30, 15:00 онлайн-форматта өткізіледі. 
     Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mab28ce6e75726de414632848a378ef0f. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 776 4601 және event-кеңестің паролін 12345  енгізіңіз.
      
      «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT