2023 жылғы 14 наурызда сағат 10:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн-форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Іс-шараның тақырыбы – «Бірлескен зейнетақы аннуитеті».
Шараға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің зейнетақы аннуитеті және оның жаңа бағыттары сияқты өнімімен танысқысы келетін тұлғалардың барлығы шақырылады: - бірлескен (немесе отбасылық) зейнетақы аннуитеті, оның ерекшеліктері мен шарттары; - зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылардың (алушылардың) зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап кем дегенде 2 жыл уақыт өткеннен кейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өмірді сақтандыру компаниясынан БЖЗҚ-ға қайтару бойынша құқықтары. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e6998890a14cc6a4983803c105b2b742c Event-кеңестің нөмірі: 2511 062 1018 Event-кеңестің паролі: 12345