Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімі А.Жангалиев, мәслихат төрағасы Г.Калиева, дербес бөлім басшылары, ауылдық округтің әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аталған отырыста халық қалаулылары «2024 жылға арналған ауданның және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы» мәселе қарады.
Аталған мәселе бойынша ең алдымен аудан әкімі А.Жангалиевтың хабарламасы тыңдалды. Сонымен қатар бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2024 жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Р.Сиражовтың, ауылдық округ әкімдерінің 2024 жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы Нұржау ауылдық округінің әкімі М.Мұғалімнің хабарламалары тыңдалды.
Комиссия отырысында хабарламашылар депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, жылдық есеп қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезекті сессияның қарауына ұсынылды.