Бюджеттің атқарылу есебі тыңдалды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен аудандық мәслихаттың VI сессиясына мәслихат депутаты Г.Қалиева төрағалық етті. Оған аудан әкімі М.Мурзиев, орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

«Құрманғазы ауданының 2020 жылға арналған аудан бюджетінің орындалысы» туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Хасанова хабарлама жасады. Сессияға онлайн түрде қатысқан облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Н.Қонысов өз хабарламасында аудандық бюджеттің түсімдері мен шығыстары, кредиторлық және дебиторлық берешектер, бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы, сонымен қатар, 2020 жылы тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысы туралы баяндады. «Ауданның 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық мәслихаттың экономика, бюджет және салық саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Кенжебаев қосымша хабарламасын ұсынды. – Есепті хабарламадан білгеніміздей, аудан бюджетінің табыс бөлігі 2020 жылға 16 493 833,0 мың теңге болып жоспарланып, орындалысы 16 623 486,7 мың теңге құрап отыр, яғни 100,8 пайызға орындалған. Сонымен қатар, есепті мерзімде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне 3 010 437,7 мың теңге түсімдер түсіп, жоспар 104,5 пайызға орындалған. Жалпы, аудан бойынша 94 бюджеттік бағдарлама бойынша 31 мемлекеттік орган бюджеттік шығыстарды жүзеге асырып, барлық функционалдық топтар бойынша 2020 жылға жоспарланған қаржыдан 10 231,9 мың теңге игерілмеген. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы даму бағдарламасы бойынша 2020 жылға 4 159 064, 0 мың теңге қаржы жоспарланып, 4 151 408,8 мың теңге жаратылып, орындалысы 99,8 пайыз құраған.

Аумақтық даму бағдарламасы бойынша 24 нысаналы индикатордың 20-на қол жеткізіліп, 2-еуі орындалмаған, 2-еуі ішінара орындалған. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстарды жан-жақты қарау керек – деген хабарламашы 2020 жылғы аудан бюджетінің табыс бөлігі 16 623 456,7 мың теңге, шығыс бөлігі 16 646 647,1 мың теңге деп бекітуді, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының ауданның 2020 жылғы жергілікті бюджетінің орындалысы туралы есебін мақұлдауды ұсынды.

Күн тәртібіне сай Құрманғазы, Мақаш, Жаңаталап ауылдық округтерінің әкімдері А.Муса, Б.Кадыров, О.Тәжібаевтың 2020 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалысы жөнінде хабарламалары тыңдалды.

 - Облыста 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Онда тек ғана бір «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 64 жобаны енгіздік. Оның ішінде дайын тұрған, дайын емес жобалар да бар. Алдағы уақытта олардың бюджетін бекіту барысында депутаттармен бірлескен түрде талқылаулар, ұсынымдар болады. Жоспарланған жұмыстар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін береді деп ойлаймын, - дей келе, аудан әкімі М.Мурзиев депутаттар тарапынан қойылған қоқыс алаңдарын қоршау, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу, ауыз су мәселелері туралы сауалдарға жан-жақты түсінік беріп өтті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT