Бюджеттегі өзгерісті талқылады

(0 Votes)

Бекітілген жоспарына сай аудандық қоғамдық кеңес өзінің кезекті отырысын өткізді.  Жиынды кеңес төрағасы Талғат Жаудин ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді тізбелеп өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов қатысып отырды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нурия Баймұханова бірден үш хабарлама жасады. Алдымен аудандық мәслихаттың 2024-2026 жылдарға арналған ауданның және ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы шешімдеріне енгізілген өзгерістердің жобасымен таныстырды. Одан соң да жергілікті уәкілетті органның «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жоғарлатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміндегі өзгерістерді кеңес талқысына салды. Кеңес мүшелері қаралған үш мәселеге де қатысты өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Ауданның білім беру мекемелеріндегі оқушылардың ыссы тамақпен қамтылуы және оның сапасы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров хабарлама жасады. Жастар ресурстық орталығының басшысы Аян Жексенбай аудан бойынша жастар арасындағы тәрбие жұмыстарының сапасы, олардың еңбекке араласуы, қоғамдық қызметшілердің белсенділігін артыру бағытындағы жұмыстардан хабардар етті. Аудан әкімінің бас инспекторы Руслан Сиражев Құрманғазы ауылындағы орталық жылыту қазандығымен көрсетілетін қызмет үшін тариф бекітілгенге дейін бюджет қаражаты есебінен электр энергиясына, газға коммуналдық төлемдер жүргізуге қоғамдық кеңестің келісім беруін сұрады.

Келесі кезекте Асан, Азғыр және Сүйіндік ауылдық округі әкімдері Мақсат Мурзағалиев, Асылбек Анесов, Данияр Сабиров өз округтері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету барысын баяндады. Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша кеңес мүшелері талқылауға қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сол бойынша отырыстың шешімі алынды.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT