Бюджет нақтыланды

(0 Votes)

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық  дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №5 қаулысына сәйкес аудандық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы Zoom платформасы арқылы өткізілді.

Оған аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров, мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, аудан әкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы Қайсар Мақсотов оффлайн режимінде қатысты. Сессия төрағасы Өмірболат Есенғазиев күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырғаннан кейін «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №587-VI «2021-2023 жылдарға арналған ауданның бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Баймұқанова хабарлама жасады. – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95- VI Бюджет кодексінің 109 бабына сәйкес жергілікті бюджетті нақтылау бойынша төмендегідей өзгерістер енгізілді:

2021 жылғы 15 наурыздағы облыстық мәслихат сессиясымен облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферт есебінен берілген мемлекеттік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеуден 5718,0 мың теңге кемітіліп отыр. Жыл басындағы бюджет қаражатының 119064,0 мың теңге бос қалдықтарды бағдарлама әкімгерлерінің төмендегідей шығындарға, атап айтқанда:

-«Парус-бюджеттік жоспарлау» бағдарламасын ауылдық округтер мен бөлімдерге орнатуға 5260,0 мың теңге;

-Тәжік-Ауған аумағындағы соғыс қимылдарының, Ирактағы бітімгершілік операцияларға және Таулы-Карабахтағы эносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ардагерлерге коммуналдық шығындарын өтеуге және атаулы даталарда берілетін біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге 7920,0 мың теңге;

-Құрманғазы ауылдық округіне жарықтандыру, тазалық, жолдарды күтіп ұстау шығындарына қосымша 21000,0 мың теңге;

-Құрманғазы ауылындағы Атырау көшесін жарықтандыру жұмыстарына 5000,0 мың теңге;

- Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шараларды ұйымдастыруға 15021,0 мың теңге;

-Халық көп шоғырланатын жерлерге бейнебақылау жүйесін сатып алу және орнатуға 50000,0 мың теңге;

-Мемлекеттік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеуге бөлінген облыстық ағымдағы трансфертінен 5718,0 мың теңгені кемітіп, 5718,0 мың теңгені жергілікті бюджет есебінен төлеуге бағыттау ұсынылып отыр және 9145,0 мың теңге ақпан айында нысаналы пайдаланылмаған трансферттерді қайтаруға бағытталды.

Аудан бюджеті бойынша 7 бюджеттік бағдарлама әкімгерінен 110109,4 мың теңгеге бюджеттік сұраныстар түсті. Бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің сұраныстары негізінде ішінара бос қалдық қаржы есебінен және ішкі өзгертулер арқылы өзгерістер енгізіліп отыр, - деді. Аудандық бюджетті нақтылау бойынша мәслихат шешімінің жобасын депутаттар бірауыздан мақұлдады.

Сондай-ақ сессияда аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиялардың құрамына, аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы, «Құрманғазы ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енуіне байланысты сессия шешімін қажет ететін хабарламалар тыңдалды. Қаралған барлық мәселелер бойынша шешім алынды. Аудандық мәслихаттың V сессиясының төрағасы болып депутат Гүлжанат Қалиева сайланды.

А.Шакупова 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT