Былтыр 26 000 адам мас күйінде көлік жүргізген

(0 Votes)

Жол-көлік оқиғасына келсек, 2019 жылдың 10 айында елімізде 26 000 адам мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған.

Оның 3000-да мүлдем жүргізуші куәлігі жоқ болып шыққан. 1900 жүргізуші бұрын да осындай теріс әрекетке барып, әкімшілік жазаға тартылған. Осындай келеңсіз оқиғадан 397 қайғылы жағдай орын алып, 70 адам қайтыс болса, 580-і дене жарақатын алған. Осыған байланысты Парламент Сенаты жолда жүру ережесін бұзғандарға заңды қатайтты. Мен Индонезия, Сингапур мемлекеттерінде болдым. Мәселен, ең үлкен мұсылман елі Индонезияда 260 млн. халық тұрады. Бірақ аталмыш жағдай жылына тек бір-екі рет қана орын алады. Енді осы заңды халыққа дұрыс түсіндіріп, ауылдарда үгіт-насихат шараларын жүргізуіміз қажет. Кейбіреулер мұны басқаша қабылдап, әлеуметтік желіде «мына депутаттар онсыз да жағдайы қиын халықты қанап, айыппұлды көбейтіп, солардың есебінен күн көргісі келеді» деп жазып жатыр. Бұл жауапсыз адамның сөзі. Заңды бұзған кез келген жан өз жазасын алуы тиіс, - дей келе, сенатор заң нормаларыныңәрқайсысына жеке-жеке тоқталып, қоғамда әлі де кейбір жүргізушілер өз жауапкершіліктерін толықтай сезінбейтініне ренішін білдірді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521