Былтыр 1432 ит, 704 мысық ауланып жойылды

(0 Votes)

Атырау облысы мәслихатының 2015 жылғы наурыздағы №364-V шешімімен бекітілген «Атырау облысының елді мекендерінде тұрғындармен иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидасын» сақтамағандықтан ит қабу деректері тіркелуде.

Аудан тұрғындарының қаперіне береріміз иттеріңізді серуендетіп, қыдыртқанда ауыз қап (намордник) кигізулеріңз керек. Оны өзіңіз тұратын ауылдық округке тіркетіп, уақытылы құтыру ауруына қарсы екпесін жасатып, ветеринариялық паспортын алуларыңыз, қақпаларыңызға ит барын ескертетін белгі тақтайша ілулеріңіз қажет.

2019 жылы жергілікті бюджеттен 3 726 000 (үш миллион жеті жүз жиырма алты мың) теңге қаржы ит пен мысық аулауға бөлініп, 1432 ит, 704 мысық ауланып жойылды. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 3 726 000 (үш миллион жеті жүз жиырма алты мың) қаржы бөлінді, ит-мысық аулап, жоюмен айналысатын жеңімпаз анықталғаннан кейін бұл жұмыс жалғасады.

Э.Төлеушева,

аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521