Бурабайдағы қызықты шақ

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Бурабай қаласында «Звездный» лагерінде «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өтті.

Оған ауданымыздан жас туристер бекетінің командасы қатысты. Жарыс топ визиткасы, экологиялық, өлкетану блоктары, кросс жорықтары сынды төрт кезеңнен құралды. Республикамыздың барлық облыстарынан 17 команда қатысып, өзара бақтарын сынады. Ауданымыздан барған жеткіншектер белсенділіктерімен көзге түсіп, естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл слетке балаларды Ақкөл жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Есболай Сәрсембаев, жас туристер бекетінің бөлім меңгерушісі Әділбек Атаев бастап барды.

А.Шакупова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521