«Браконьер» профилактикалық іс шарасы

(0 Votes)

Аудан аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, браконьерлікті, биологиялық ресурстар нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Браконьер» жедел профилактикалық іс шарасы ұйымдастырылуда.

Онда аң аулау және браконьерлік ережелерін бұзу фактілерін анықтау аңшылық қаруды енгізу және шығару тәртібін және көші-қон заңнамасы талаптарын сақтау мәніне, Қазақстан Республикасына осы мақсатпен келген шетелдік азаматтарға тексеру жүргізілуде. Бұл жұмыстар Құрманғазы аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Осыған орай, азаматтарда аңшылық атыс қаруы мен патрондарды, суық қаруды сақтауы, алып жүруі, ағаш кесу (сексеуілді заңсыз шабу, тасымалдау, сату) және табиғатты пайдаланудың басқа түрлерін дайындау құқығы, сондай-ақ, биологиялық ресурс нысандары мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғы автожолдарда тексеріледі.

Н.Құбашев,

АПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521