Шортанбай ауылының ардагерлер саябағында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құрметтеп, аруақтарына тағзым ету мақсатында шара өтті.
Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған жауынгерлеріміздің рухына тағзым ету-біздің, кейінгі ұрпақтың басты парызы. Жиналған қауым соғыс ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, зұлмат соғыста бақилық болғандарды 1 минуттік үнсіздікпен еске алды. Боздақтардың аруақтарына құран бағышталды.
Одан әрі мерекелік шара округ әкімі М.Гумаровтың, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Машановтың құттықтау сөзімен басталды. Шарада аудан әкімінің алғыс хатымен ауыл үлкені, тыл ардагері Дүйсенова Қатира апай, шекара қызметкерлері Ермек Оразұлы, Бөкенбай Сырымұлы марапатталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, отан қорғаушы азаматтарға патриоттық әндер тарту етілді.