Босалқы жерлер мемлекетке қайтарылуда

(0 Votes)

Аудан әкімі Марат Мурзиевтің төрағалығымен өткен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияда 3 мәселе қаралды.

Алдымен ауданның босалқы жер қорындағы табысталған жер учаскелерінің мерзімде игерілуі туралы аудандық ауыл шарушылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Хасанов хабарлама жасады.

– Жер – басты байлығымыз. Оны, әсіресе, босалқы жерлерді ел игілігіне тиімді пайдалану – бірегей міндет. 2021 жылдың 5 айында 11 шаруа қожалығы, 1 заңды тұлға – 2283 га жер мемлекетке қайтарылды, «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС – 134000 га игеру мақсатында нұсқама берілді. Биылғы жылы ауылшаруашылығы мақсатында 21540 га құрайтын 58 жер учаскесі шығарылды. Конкурс нәтижесімен 49 жер учаскесі табысталды. Күні бүгін өңірде 2103 тұлға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесінің кезегінде тұр, - деген мәліметтен хабардар етті.

Комиссия мүшесі, аудан прокуроры М.Рахимов биыл бөлім мамандарының ұйытқы болуымен қанша жер учаскесі мемлекетке қайтарылғанын, жерді жалға алғандар тарапынан қандай заң бұзушылықтар анықталғанын сұрады.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, қоғамда оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында округ бойынша бекітілген жұмыс жоспарларының орындалысы туралы Орлы, Нұржау, Жаңаталап ауылдық округтерінің әкімдері А.Мұфтах, М.Мұғалім, О.Тәжібаевтің, Байда ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Ғалиханов, Ақкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Айгүл Құбашеваның хабарламасы тыңдалды. Комиссия төрағасы М.Мурзиев күн тәртібінен түспейтін түйткілмен жалпы бірлесіп күресудің маңызы зор екенін айтты.

А.КҮНҰЗАҚҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT