Атырау облысы көлемінде ішкі істер органдарымен әкімшілік айыппұл салу туралы қаулылардың орындалу тиімділігін арттыру мақсатында 20 қараша 11 желтоқсан аралығында ауданымызда «Борышкер» атты іс-шара өтуде.
Мақсаты-жол көлік апаттарының алдын алу, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішімдік ішіп тәртіп бұзғандарға, қоқыс тастап айналаны бүлдіргендерге, салынған әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүргендерге қарсы шаралар алу.
Ескерте кетер жайт, салынған айыппұлды төлемей жүрген азаматтардың айыппұлдарын қысқартылған мерзімде ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігіне сәйкес Мереке күндерін және сенбі жексенбі күндерін қоспағанда 7 жұмыс күні ішінде төлеуге құқылы. Қысқартылған тәртіпте төленбеген айыппұлдар соммасы қаулы шығару арқылы 100% пайызға өзгертіледі, және 893-бабына сәйкес тұлғалармен бұл айыппұл соммасы 30 тәулік ішінде төлеуге тиіс.
Айыппұлдарды төлемеген жағдайда жеке сот орындаушы палатасына, және жұмыс жасап отырған орнына мәжбүрлі түрде айыппұлдарын өндіру үшін жолданатындығын қаперіңізге бере отырып, берешегін өтегенше көлік құралы немесе шағын кемелерін аудандық полиция бөлімінің тұрағына қойылады. Сонымен қатар айыппұл төлемеген тұлғалар жүргізуші куәлігін алу, ауыстыру және өз атына көлік құралын тіркеу оны шығару барысында қиындықтарға тап болады. Яғни мемлекеттік берешегі бар тұлғаларға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
Төленген жағдайда азаматтар айыппұлдың түбіртегін Аудандық Полиция бөліміне Әкімшілік тәжірибе тобына тапсыруын немесе айыпұлдардың түбіртегін ЕРАП электрондық базасына төлем жасау үшін 87780067454, 87751010905 WhatsApp нөмірі арқылы немесе
Құрметті аудан тұрғындарымен қонақтары егерде сізге Ішкі істер органдарымен айыппұл салынған жағдайда уақытылы айыппұлдарыңызды сұраймыз.
Құрманғазы аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Шамшеденов Олжас Гамлетұлы