Борышкер болсаңыз, көлік жүргізбейсіз!

(0 Votes)

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1-бөлігіне сәйкес, борышкер:

- жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;

- заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;

- мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда, сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі. Осы баптың негізінде сотқа көбіне көлік жүргізу құқығын уақытша тоқтату жөнінде ұсыныстар түсіп жатады.

Статистикалық мәліметке сай биылғы 9 айда Құрманғазы аудандық сотына жеке сот орындаушыларымен 6 ұсыныс жолданған, оның 2- еуі қанағаттандырылып, борышкердің көлік жүргізу құқығы берешегін өтегенге дейін уақытша тоқтатылды, 2 ұсыныс істің мән-жайы, борышкердің жеке басы ескеріліп қанағаттандырудан бас тартылған болса, 2 ұсыныстан сот орындаушысы бас тартты. Сот бұйрығымен борышкер Н.С. өндіріп алушы Д.К. ортақ кәмелетке толмаған баласын асырап бағу үшін алимент төлеуге міндетті. Алайда борышкер алимент төлеуге әрекеттенбеуінен оның берешегі 2 989 319 теңге құраған. Сот борышкердің ешбір дәлілді себебсіз сот актісін орындамағанан ескеріп, сот орындаушысының ұсынысын қолдап, борышкердің көлік жүргізуші құқығын берешегін өтегенге дейін тоқтатты. Келесі мысалда, борышкер сотқа ұсыныс түскеннен кейін, 1 365 000 теңге берешегінің 500 мың теңгесін өтеп, қалған сомасын белгіленген мерзімге дейін толық есептесуге өндіріп алушымен келіскен. Сот карантин жағдайын, борышкердің отбасы мен мүліктің жағдайын, берешегін толық өтеуіне әрекеттенуін ескеріп, сот орындаушысының ұсынымын қанағаттандырудан бас тартты. Сондықтан берешегінді уақытылы өтеп, борышкер атанба!

 

Салтанат Мусина, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT