Орлы ауылдық округі әкімдігі 2021 жылдың ІІ жартыжылдығына аудан айнасы «Серпер» газетіне 280 дана жазылғанын, болжамнан шыққанын хабарлаймын. Баспасөзге жазылуда белсенділік танытқан ауылдастарға, округке қарасты мекеме басшыларына зор ризашылығымды білдіремін.
Сондай-ақ, елдегі қиындықтарға орай аз қамтылған, көп балалы отбасыларды мерзімдік басылымдарға жаздырту үшін қолы жомарт кәсіпкерлердің, басқа да қайырқом азаматтардың көмегіне жүгінеміз. Өтінішімді аяқсыз қалдырмай, «Серпер» газетіне жазылуда демеушілік танытқан Қанат Ғұмаров, Үмбет Жанханов, Әбдібек Бисенов, Серік Альжанов, Жандарбек Утеулиев, Жұмажан Шакупов, Самат Айдаралиев, Анарбек Талхаев, Ақылбек Қайсағалиев, Асқар Сатыбалдиев, Марат Жанғалиев, Ерлан Аманжанұлына үлкен алғысымды айтамын.
Асқар Мұфтах,
Орлы ауылдық округінің әкімі