Кудряшов ауылдық округі бойынша Құрманғазы аудандық "Серпер" қоғамдық-саяси газетіне 2022 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны аясында 241 жазылым тіркеліп, болжамның артығымен орындалғанын хабарлаймыз.
Осыған орай басылымға жазылу кезеңінде белсенділік танытқан ауыл тұрғындарына, мекеме басшыларына, мектеп әкімшілігіне, шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Жазылу әлі де жалғасуда.
Жаслан Сүндетов,
Кудряшов ауылдық округінің әкімі