Болжам бірінші болып орындалды

(0 Votes)

Шортанбай ауылдық округі аудан айнасы - «Серпер» газетіне 2023 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу болжамын бірінші болып аяқтағанын хабарлаймын.

Саяси маңызы зор баспасөзге жазылу науқанында белсенділік таныту өзіміздің іскерлігімізді көрсетудің бір өлшемі деп білеміз. Сондықтан ауыл тұрғындары, мекеме ұжымдары арасында кешенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде белгіленген болжам 185 дана болып артығымен орындалды. Осы ретте ауылдағы «Серпердің» тұрақты оқырмандарына, мекеме басшыларына, округтегі аз қамтылған жанұяларды жаздыртуға демеушілік жасаған шаруа қожалығы жетекшісі Б.Абдуловқа үлкен ризашылығымды білдіремін.

Мейіржан ҒҰМАРОВ, Шортанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT