Болат Бақауов екі айға қамауға алынды

Рейтинг: 0 / 5

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды.

Шешім Павлодардвқ мамандандырылған тергеу сотында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бақауовты екі айға қамауға алу шарасы санкциялансын. Қамауда ұстау мерзімі ұсталған уақытынан бастап есептелсін»,-деді мәжіліс барысында судья Балтабай Дүнбекбаев.

Болат Бақауовқа Қазақстанның Қылмыстық Кодексінің 362 бабы 4-ші бөлігі үшінші пункті бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр.

Аталмыш баптар өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дегенді білдіреді.

Мұндай қылмыс жасағаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін сотталады және қандай да бір лауазымды атқаруға тыйым салынады.

Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан Болат Бақауовты екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұрады. Себебі облыстың экс-әкім бостандықта жазадан қашып болмаса тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.

Өз кезегінде Болат Бақауов өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтты. Осыған дейін ҚР ҰҚК Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын.

Антон Гагарин

 

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика