"Болашақ" тобы жүлдемен оралды

(1 Vote)

Атырау қаласында «БОЛАШАҚҚА – БІЛІМДІ, ДЕНІ САУ ҰРПАҚ!» ұранымен 1-10 сынып оқушылары арасында республикалық спорттық-интеллектуалдық эстафета өтті.

Мақсаты: мектеп оқушыларының физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, психологиялық денсаулығын нығайту, инновациялық компьютерлік технологияларды қолдана отырып, жалпы білім беретін пәндерді меңгеру, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми – практикалық дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес, спорттық-интеллектуалдық эстафетаның 4 кезеңі республикалық жарыс 2023 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында өтті.

Республикалық эстафетаға 100 ден астам оқушы қамтылып, сынға түсті.

Жарыста өзінің алғырлығымен көзге түскен Құрманғазы ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің "Болашақ" тобы жүлделі ІІ - орынды жеңіп алды.

Жарысқа тыңғылықты дайындаған жетекшілер Бисенова Нұрлы, Бимурзаева Шолпан, Молдағалиев Асқарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтамыз. Осы жарысқа катысуға ықпал еткен ата - аналарымызға мың алғыс білдіреміз!

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT