Болашағымыз жарқын боларына сенемін

(0 Votes)

Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау – індетпен күресте алға басқанымыздың көрінісі.

Білім саласының ардагері, аудандық аналар кеңесінің төрайымы ретінде оған қолдау білдіремін. Бұл орынды шешім де есептеймін. Өйткені шектеу шараларын бірден алып тастауға болмайтынын өмір көрсетуде.
Аудан көлемінде де тыйым салынғанына қарамастан той-томалақ өткізушілер болды. Бірден ашып жіберсе қазір әрең отырған қазағым сақтықты ұмытып бірден топырлап тойлап кетуі мүмкін ғой. Індет бізден жәймен ғана кетіп барады, әлі қоштаса қойған жоқ. Оған күнделікті ақпарат құралдарынан өздеріңіз де куәсіздер.
Маған мектептерде де шектеу шаралары сақталағаны ұнады. Асығыстыққа барған дұрыс емес. Бала біздің болашағымыз, олардың өмірін қатерге тігуге болмайды. Үкімет шешімімен танысқанымда балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге білім беру орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары жұмыс істейтінін естіп жатырмын. Бірақ, бұлардың бәрінде де адам саны шектелген, яғни топтарда 5 баладан аспауы тиіс. Кезекші топтарда 15 бала деп көрсетіліпті. Мұның бәрі дұрыс деген ойға келдім.
Қалаларда да соңғы аялдамада дизенфекцияланатын қоғамдық көліктер де жүре бастайды екен. Ал,той-думан, ойын-сауыққа келсек, әлі де күткеніміз жөн. Той тойлау ешқайда қашпас, бастысы мына тәжтажалдан біржола құтылып алайық. Талай қиындықтан сағы сынбай өткен халқымыз бұл сынақтан да абыроймен өтеді деген сенімдемін. Қазір, бізге керегі бірлік.
Мемлекет басшысы мен Үкіметіміз бізге болмасын демейді. Соны жақсы түсіне біліп, жұдырықтай жұмылсақ алынбас қамал қалмайды. Міне, бірлесіп едік, індет та тайсақтады. Демек, ынтымақ бар жерде жеңіс те жүреді.
Болашағымыз жарқын боларына сенемін.Жақсылықта жүздесейік ағайын.

Балғаным Хасенова,

ардагер ұстаз, «Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Құрманғазы аудандық аналар кеңесінің төрайымы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521